jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Бұл соңы емес": Ерке Есмахан 40 жасына күйеуі не сыйлағанын көрсетті (фото)

    Ерке Есмахан
    Ерке Есмахан. Фото: Instagram/erke_esmahan

    Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан туған күні қарсаңында жолдасы өзіне не сыйлағанын көрсетті. Өнер иесі 40 жасын тойламайтын болған соң, күйеуі қалағанын әперуге уәде берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ерке Есмахан күйеуі Райымның туған күніне не сыйлағанын Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Хитмен келіншегіне Chopard, Van Cleef, Graff, Bulgari сынды қымбат брендттерден сыйлық тарту еткен.

    Оған қоса Ерке Есмахан бұл сыйлардың соңы емес екенін жеткізді. Өнер иесі туған күніне дейін 15 күн бар екенін алға тартып, сол уақытта сыйлықтарын тағы да толықтырмақ екенін айтты.

    "Туған күнімді тойламайтын болған соң, күйеуім қалағаныңды әперем деді. Сөйтіп ол бір ай концертке дайындалған кезде мен бір ай бойы өзіме сыйлық алумен болдым. Тапқанымды Алматыдан алдым, таппағанымды шетелден алдырдым. Бұл соңы емес деп отырмын. Туған күнге әлі 15 күн бар. Әлі де толықтырып алайын. Сосын бәрін ашып көрсетемін. Жұғысты болсын", - деп жазды Ерке Есмахан.

    Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан өзінің және ұлының туған күнін тойламайтынын айтты. Алайда күйеуі екеуі жазда барлық қуанышын біріктіріп, үлкен той жасайтынын жеткізді.

    "Бұл соңы емес": Ерке Есмахан 40 жасына күйеуі не сыйлағанын көрсетті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.