jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Көкшетауда белгілі актер қамауға алынды (видео)

    Көкшетауда актерді ұстау сәті
    Күдіктіні ұстау. Видеодан кадр: polisia.kz

    Көкшетау қаласында отандық сериалдардан белгілі актер 4,5 мың доза синтетикалық есірткі затын сатпақ болды деген күдікке ілінді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Жуырда Көкшетау қаласында интернет арқылы есірткі сатумен айналысқан азамат қолға түсті.

    Тінту барысында оның пәтерінен электронды таразы, арнайы жабдықтар мен жалпы салмағы 1,5 келіге жететін мефедрон мен "аlfa-PVP" синтетикалық есірткісі тәркіленді.

    "Қылмыстық әрекеттің дәйектерін толыққанды зерттеу үшін күдіктінің телефоны тексеріліп, есірткі жасырылған орындардың нақты координаттары анықталды. Соның нәтижесінде 4500 доза есірткі айналымға түспей, саудаға дер кезінде тосқауыл қойылды", - делінген хабарламада.

    Тергеу барысында күдікті бұған дейін отандық сериалдарға түскен актер екені анықталған.

    Ол өз кінәсін толық мойындап, қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

    Көкшетауда белгілі актер қамауға алынды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.