jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Өнеріңізге сусындап өстім": Димаш Құдайберген жаңа марапатын Бибігүл Төлегеноваға арнады

    Димаш Құдайберген мен Бибігүл Төлегенова
    Димаш Құдайберген мен Бибігүл Төлегенова. Видеодан кадр: Instagram/kudaibergenov.dimash

    Қазақ атын әлемге танытып жүрген Димаш Құдайберген Дубайда алған марапатын эстрада дүлділі Бибігүл Төлегенованың құрметіне арнаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

    Димаш Құдайберген Біріккен Араб Әмірлектерінде марапатталғаннан кейін Instagram-дағы парақшасында видео үндеу жасады. Ғажайып дауысты әнші өнерге қосқан үлесі үшін алған жүлдесін 95 жасқа толған Бибігүл Төлегеноваға арнағанын айтты.

    "Құрметті Бибігүл Ахметқызы! Күні кеше алған кезекті марапатымды алдағы келе жатқан 95 жылдық мерейтойыңыздың қарсаңында, сіздің құрметіңізге арнауға рұқсат етіңіз. Жастайымнан сіздің жоғары дәрежедегі өнеріңізге сусындап өсіп, сіздің аналық, ұстаздық өсиеттеріңіз бен батаңыздың арқасында қазіргі күні азды көпті жетістіктерге қол жеткізіп келемін.

    Құрметті Dears, құрметті жерлестер! Шын жүректен барлық құттықтауларыңызға көп рахмет айтқым келеді. Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын", - деп жазды Димаш.

    "Өнеріңізге сусындап өстім": Димаш Құдайберген жаңа марапатын Бибігүл Төлегеноваға арнады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.