jitsu gif
Шоубиз

    Үшінші сәбиін өмірге әкелген Айсәуле Бақытбек перзентханадан шықты (фото)

    Айсәуле Бақытбек пен күйеуі
    Айсәуле Бақытбек пен күйеуі. Фото: t.me/ aissaule

    Үшінші қызын өмірге әкелген танымал блогер Айсәуле Бақытбек перзентханадан шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Жақында ғана үшінші мәрте қызды болған Айсәуле Бақытбек перзентханадан шықты. Қуанышты жаңалығын ол Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

    "Енді біз бесеу болдық", - деп жазды блогер.

    Айсәуле Бақытбектің бұл жазбасын көрген оқырмандары оған ақ тілегін жаудырған.

    "Ақ құрдас, қыз деген керемет қой, жеңілдеуіңмен", "Бауы берік болсын", "Құттықтаймын", "Келер жылы ұл босаныңыз", - деп жазуда олар.

    Еске салсақ, Айсәуле Бақытбектің үшінші мәрте қызды болғаны туралы ақпаратты оның анасы Баян Алагөзова хабарлаған болатын. Ол желідегі парақшасында оқырмандарынан сүйінші сұраған еді.

    Үшінші сәбиін өмірге әкелген Айсәуле Бақытбек перзентханадан шықты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.