jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Ән падишасы үйімізге келді": Роза Рымбаева Роза Әлқожаның жиенінің тұсауын кесті (видео)

    Роза Рымбаева мен Роза Әлқожа тұсаукесерде
    Роза Рымбаева мен Роза Әлқожа тұсаукесерде.Видеодан кадр: Instagram/roza_alqozha

    Қазақстандық танымал әнші Роза Әлқожа жиенінің тұсауын өзімен аттас өнердегі әпкесі Роза Рымбаеваға кестірді. Эстрада жұлдызы оның өтінішін жерге қалдырмай, арнайы үйіне барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Роза Әлқожа Instagram-дағы парақшасында сіңлісінің отбасындағы қуанышты сәттен видео жариялап, елді тәнті етті.

    Өнер иесі бұл күні тұсау кесу мәртебесін әйгілі Роза Рымбаеваға сеніп тапсырғанын айтты. Әнші өнердегі әпкесіне уақыт тауып, қуанышына ортақтасқаны үшін алғысын айтты.

    "Бүгін қазақ сахнасының ән падишасы Роза Қуанышқызы үйімізге келіп, Раузамыздың тұсауын кесіп берді. Әжесі Роза, нағашы апасы Роза, Раузаға Розалардың бағын берсін дедік! Уақыт тауып келгеніңізге рахмет", - деп жазды Роза Әлқожа.

    "Ән падишасы үйімізге келді": Роза Рымбаева Роза Әлқожаның жиенінің тұсауын кесті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.