Шоубиз

Зектілері

"Зәкеңнің ұрпақтары көргісі келмеді": Мақпал Жүнісова ескерткіштің ашылуына неге бармағанын айтты

Жарияланған күні:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Фото: www.instagram.com/zhunusova.makpal

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің құрметіне арналған ескерткіштің ашылу салтанатына неге қатыспағанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Күні кеше Алматы облысы Кеген ауданының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюсттің ашылу салтанаты өтті. Оған қоса Кеген ауылындағы балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтің есімі берілді.

Шараға бірқатар беделді тұлға мен марқұм саясаткердің балалары Құралай мен Қайрат Нұрқаділовтер қатысты. Алайда бұл күні көпшілік арасында Мақпал Жүнісова бой көрсетпеді.

Желі қолданушылары бұл жағдайға байланысты өнер иесін сұрақтың астына алды. Эстрада жұлдызы көпшілік көкейіндегі сауалды жауапсыз қалдырмай, ескерткіштің ашылу салтанатына неге қатыспағанын түсіндірді.

"Мені қарғап, көргісі келмеген Зәкеңнің ұрпақтары болсын деп шештім. Кейін Мерей екеуміз барып, тағзым жасаймыз. Зәкеңнің рухына тегін концертті бағыштаймын деп отырмын", - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Мақпал Жүнісованың желідегі пікірі
Мақпал Жүнісованың желідегі пікірі. Скриншот: Instagram/zhunusova.makpal

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2195420-zakengning-urpaqtary-korgisi-kelmedi-maqpal-zhunisova-eskertkishting-ashyluyna-nege-barmaganyn-aitty/