jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Осындай байлыққа ие болдым": Тамара Асар Роза Рымбаеваға ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    Роза Рымбаева
    Роза Рымбаева. Видеодан кадр: Instagram/tamara_assar_official

    Қазақстандық танымал әнші Тамара Асар эстрада дүлділі Роза Рымбаеваға өз атынан ерекше сыйлық тарту етті. Өнер иесі бұл сыйлығын арнайы тапсырыспен жасатқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Тамара Асар Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, Роза Рымбаеваға сыйлықты табыстап жатқан сәтті көрсетті. Бейнежазбада Тамара Асар қызы Ажармен бірге Роза Қуанышқызына күміс әшекей сыйлап жатқанын көруге болады.

    "Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ. Зергер мыңдаған шақырым жерде отырып, қазақ әнінің ханшайымы Роза Қуанышқызына арнап, әдемі әшекей соқты. Керемет болып келісіп, жараса қалды. Игілігіңізге тағыңыз, Роза Қуанышқызы! Ұрпағыңызға мұра болар, күміс әшекейіңіз құтты болсын! Біз Ажартай екеуміз бұл бұйымды арнайы тапсырыс беріп жасаттық. Сыйлықтың ұнағанына шын жүректен қуаныштымыз", - деп жазды Тамара Асар.

    Роза Рымбаева мұндай сыйға таңғалып, қатты қуанып қалды. Ол өнердегі әріптесі тарту еткен қазақи нақыштағы бұйымды бірден қолына тағып, оған алғысын айтты

    "Тамарамен бірге ән айтамын деп, осындай байлыққа ие болып қалдым. Кішкентай сәбидің атынан осындай сый-құрмет болып жатыр. Рақмет үлкен", - деді Роза Қуанышқызы.

    "Осындай байлыққа ие болдым": Тамара Асар Роза Рымбаеваға ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.