Шоубиз

Зектілері

"Анамның кастингінен өтті": әнші Бүркіт әйелі Аишаны қалай таңдап алғанын айтты

Жарияланған күні:

Бүркіт пен Аиша
Бүркіт пен Аиша. Видеодан кадр: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

Қазақстандық шоу-бизнестегі жұлдызды жұптардың бірі Бүркіт пен Аиша сұқбат беріп, махаббат хикаясы туралы сыр шертті. Әнші әйелі мен анасына қатысты қызықты оқиғаны айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүркіт "Қазақстан" телеарнасындағы "1001 түн" бағдарламасында қонақта болып, келіншегін қалай таңдап алғанын айтып берді. Сөзінше, ол Аиша екеуі түсірген алғашқы бейнебаяннан кейін анасына арнайы барған.

Өнер иесі анасына Аишаның суретін көрсетіп, оның пікірін біліп алмақ болған.

"Аиша мен анамды қатты ұқсатып жатады. Менің анам болғандықтан автоматты тұрғыда соған ұқсайтын жанды іздейтін шығармын. Білмеймін. Аиша екеуміз алғашқы бейнебаян түсіріп, халыққа шығардық. Сол кезде мен арнайы Таразға барып, анама көрсеттім. Анам бірден Аишаны ұнатты. "Мына қыз жақсы ғой, көзі жақсы" деді. Негізі қыздар туралы олай айта бермейді. Оған дейін қаншамасын көрсеттім ғой. Көрмейтіннің бәрін көріп шықты. Солай Аиша анамның кастингінен өтті. Мен сол сөздерден кейін кеттім. Өз әрекетімді бастадым", - деді Бүркіт.

Оған қоса әнші ата-анасын қолына алғанына бір жарым жыл болғанын айтты.

"Анам келіні туралы жылы сөздер көп айтады. Бізбен тұрып жатқандарына 1,5 жыл болды. Сол аралықта бір ұрыс-керіс, келіспеушілік деген болған емес. Тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2196666-anamnyng-kastinginen-otti-anshi-burkit-aieli-aishany-qalai-tangdap-alganyn-aitty/