jitsu gif
Шоубиз

    "Орталарыңызға қайта оралдым": актер Асқар Жұмабек абақтыдан шықты

    Асқар Жұмабеков фото
    Асқар Жұмабеков фото: www.instagram.com/askarzhumabeqov

    Алматыдағы караоке-бардың бірінде ұсталған актер Асқар Жұмабек бостандыққа шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ актердің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған белгілі актер Асқар Жұмабек қамаудан босатылды. Бұл туралы актер желідегі парақщасында жариялады. Видеода оның туғандары, туыстарымен қауышқан сәт көрсетілген.

    "Алла ұлық! Алла ғажайып беруші. Алла – жалғыз. Сүйінші қазақ елі, менің жанашырларым, көрермендерім!

    Мен орталарыңызға қайта оралдым", - деп жазды ол.

    Айта кетейік, танымал актер былтыр қазан айында ұсталып, Алматы қаласындағы №2 Бостандық ауданы сотының шешімімен сотталған болатын.

    2022 жылдың 28 желтоқсанында Алматы қаласындағы караоке-барлардың бірінде қонақтар мен мекеме қызметкерлері арасында жанжал шығып, оның соңы төбелеске ұласқан. Оның ішінде белгілі актер Асқар Жұмабек те болған.

    Соттың шешімі бойынша, оған бұзақылық жасады, адамдардың денсаулығына қасақана ауыр және орташа зиян келтірді деген айып тағылған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.