jitsu gif
Шоубиз

    "Ажырасқан әйелдерді түсінгендеймін": Жанқош Тұраровтың келіншегі жазбасымен елді ойландырып қойды

    Жанқош Тұраров пен Клара Иса
    Жанқош Тұраров пен Клара Иса. Фото: instagram.com/klarita_os

    Қазақстандық танымал боксшы Жанқош Тұраровтың келіншегі, танымал блогер Клара Иса желіде әсерлі жазба жариялап, елді ойландырып қойды. Ол бүгінде ажырасқан әйелдерді түсіне бастағанын алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Клара Иса Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен тілдесіп, жеке өмірі туралы сыр шертті. Блогер әйел адамның жеке табысы мәселесін көтеріп, өзіне қолдау білдіруді сұрады.

    "Тұрмыс құрғанға дейін әкемнің табысына өмір сүрдім. Тұрмысқа шыққаннан кейін жолдасымның табысын ойланбай шашып, өмір сүрдім. Менің ойыма осы күнге дейін өз табысың болуы керек деген ой кірмепті. Жұмыс немесе тіршіліксіз отырған емеспін. Бірақ оны тек хобби деп қана қарадым. Әйел адамның өз табысының болуы маңызды дүниелер қатарында екенін түсіндім. Өмірде түрлі жағдайлар болады екен. Тірлік жасаймын деген адамдарға қаншалықты қолдау білдіру керегін ұқтым. Ажырасқан әйелдерді қалай тау қопаратынын көріп, түсінгендеймін. Мен сіздерден қолдау күтемін", - деп жазды боксшының әйелі. 

    Клара Исаның Stories-i
    Клара Исаның Stories-i. Скриншот: Instagram/klarita_os

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.