Шоубиз

Зектілері

"Салауат айтсаңыздаршы": күйеуімен видео жариялаған Гүлзира Айдарбекова қызу талқыға түсті

Жарияланған күні:

Гүлзира Айдарбекова мен күйеуі
Гүлзира Айдарбекова мен күйеуі. Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде жолдасы Нұртас Айдарбековпен түскен видеосын жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Оқырмандардың бірі ерлі-зайыптыны сынап тастады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың анасы аталмыш видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Бейнежазбада ерлі-зайыптының билеп жатқанын көруге болады. Айдарбековтер қазіргі уақытта жастар арасында тренд болып жатқан видеоны түсірген.

"Ойын – күлкі витамин, күлімдеп жүріңіздер. Бізде трендтен қалмайық", - деген жазба қалдырды продюсер.

Желі қолданушылары аталмыш бейнежазбаны бірден қызу талқылап, ерлі-зайыптыға түрлі пікір білдірді. Бірі оларға тәнті болса, енді бірі олардың әрекетін аса ерсі санаған.

"Жарайсыздар, мен өзімді кәрімін ба деп жүрсем", "Ерсілеу көрінеді екен", "Одан да салауат айтсаңыздаршы", "Өте көңілді жанұя", "Әркез осылай күлімдеп, ерекше көңіл-күй сыйлап жүре беріңіздер", "Ұят сияқты, жастарыңызға сай дүние жасасаңыздаршы", "Ешкімді тыңдамаңыздар, сіздерге бәрі жарасады", - деп жазуда көпшілік.

Айдарбекова өзін сынға алған оқырманына жауап берді.

"Одан сізге келер пайда болса, күніне саусақ нүктелерін басып тұрып 100 рет айтып ұйықтаймыз. Бірақ әр адам өзі үшін айтады емес пе?! Негізі неге бұлай жасамайсыңдар деп біреу үшін ақыл айтатындар өте ақымақ адам дер едім. Мысалы, сізді айтар едім! Уайымдамаңыз күнәмізді сіз көтермейсіз, өзіңіз үшін бәрін оқыңыз пайдасы зор, бірақ ешкімге мақтанбаңыз, бәрі тек өзіңіз үшін болсын", - деп жауап жазды продюсер. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2198345-kuieuimen-video-zhariialagan-gulzira-aidarbekova-qyzu-talqyga-tusti/