"Алтын қазынам": анасына ән шырқаған Мақпал Жүнісова елді сүйсінтті (видео)
Жарияланған күні:

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мақпал Жүнісова желіде анасымен түскен видеосын жариялап, елді сүйсінтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында жаңа видео жариялап, елдің ыстық ықыласына бөленді. Бейнежазбада әртістің дастархан үстінде анасына ән шырқап жатқанын көруге болады.
"Анашым алтын қазынам", - деген жазба қалдырды әнші.
Желі қолданушылары Мақпал Жүнісованың бұл видеосына тәнті болып, оған жылы лебізін білдірді. Көпшілік анасы мен қызының қарым-қатынасына тамсанған.
"Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Анаңыз аман болсын", "Қандай керемет көрініс. Анасы мен қызы мың жасаңыздар", "Анашыңның төбесін биікке бір көтердің. Риза болып, мәз болып отыр", "Анасы бардың панасы бар. Керемет беріліп, тыңдап отыр", - деп жазуда оқырмандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2198759-altyn-qazynam-anasyna-an-shyrqagan-maqpal-zhunisova-eldi-suisintti-video/