jitsu gif
Шоубиз

    "Мені алшы" деп жалынған емеспін": Мақпал Жүнісова марқұм Нұрқаділов туралы айтты

    Мақпал Жүнісова
    Мақпал Жүнісова. Видеодан кадр: Youtube/Dina Tolepbergen

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің өзіне қалай ғашық болғанын айтып берді. Өнер иесі бастапқыда белгілі саясаткерді мүлдем жақсы көрмегенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовпен қарым-қатынасы қалай өрбігенін "Din Dina Show" бағдарламасында айтты. Әнші бастапқыда саясаткерден қорыққанын жасырмады.

    “Мен ол кісінің есігін қағып, босағасына барып "Мені алшы" деп жалынған емеспін. Тіпті ол кісіге ғашық та болмағанмын. Жақсы да көрген жоқпын. Зәкең өзі дегенін жасап, қалауын орындады. "Шешең берсе де, бермесе де аламын" деді. Қолында билігі болды. Айналасында біз қорқатын адамдар болды. Алғаш кезде біз ол кісіден қорықтық. Кейін барып, сыйластық орнады. Ал Зәкең орнынан түсіп қалғанда, мен де кетіп қалсам, халық шулайтын еді. "Бастық болғанда қатыны болып еді, биліктен кеткенде Мақпал да кетіп қалды" деп сөгетін еді", - деді өнер иесі.

    Оған қоса Жүнісова тіпті жолдасымен бірден АХАТ бөліміне баруға келіспей қойған. Сөзінше, ол заңды некеге тек 7 жылдан кейін тұрған.

    "Қиын сәтте жанында қалдым. Екеуміз де әкесіз өстік. Ол да мен сияқты қайыршы болатын. Билік те қолдан кетті. Байлығы да болмады. Ол жақпен өштесетіндей жалғыз Зәкең емес екі әйел алған. 10 әйел да алып жатқандар бар. Мен Зәкеңді ұстағым келсе, бірден АХАТ бөліміне барар едім. Мен бармай қойдым. Жақсы көрсеңіз құжатыз тұрамыз дедім. 1991 жылы шаңырақ көтердік, 1998 жылы заңды некеге тұрдық. Ол уақытқа дейін кететін еркек кетіп қалатын еді. Өзі қайтпай қойды. Кейде ашуланып келгенде, “Ұрпақтарыңыз бар, барыңыз сол жаққа” деп айтамын. "Жоқ, қайтпаймын, саған ашуланып тұрған жоқпын" дейтін. Мен ол кісінің жолын байлаған жоқпын", - деді халық әртісі. 

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.