jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Ұсыныс па": Олжас Абай Дариға Бадықоваға ерекше тосынсый жасап қуантты (видео)

    Дариға Бадықова мен Олжас Абай
    Дариға Бадықова мен Олжас Абай. Видеодан кадр: Instagram/dariga_badykova

    Қазақстандық танымал актер Олжас Абай өнердегі әріптесі Дариға Бадықоваға тосынсый жасап, оны ерекше қуантты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

    Дариға Бадықова өнердегі әріптесі өзін қалай қуантқанын Instagram-дағы парақшасында көрсетті.

    Бейнежазбада Олжас Абайдың актрисаға үлкен гүл шоғын сыйлап, ерекше сыйлық табыстап жатқанын көруге болады. Белгілі болғандай актер кинопродюсерді "Таптым-ау сені–2" фильмінің 1 млрд теңге жинағанымен құттықтаған.

    Бадықова мұндай тосынсыйға қуанып, әріптесіне алғысын айтқан. Желі қолданушылары да қос әртісті бұл жетістігімен құттықтап, ақ тілегін білдірді.

    "Құтты болсын", "Жарайсыңдар, керемет туынды", "Олжас жарады, Дариға қуанып қалды", "1 млрд құтты болсын", "Дариға ханым. Кино керемет. Көкейден орын алды. Көрермені көп болсын", "Киногерлер көбейе берсін. Бізден қолдау болады", "Ұсыныс па деп қалдық" - деп жазуда көпшілік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.