jitsu gif
Шоубиз

    Тоқаев 95 жасқа толған Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады

    Бибігүл Төлегенова мен Ерболат Досаев
    Бибігүл Төлегенова мен Ерболат Досаев. Фото: Алматы әкімдігі

    Алматы әкімі Ерболат Досаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан әйгілі опера әншісі Бибігүл Төлегенованы 95 жылдығымен құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    16 желтоқсанда туған күнін аты аңызға айналған опера әншісі, актриса, педагог Бибігүл Төлегенова атап өтеді. Биыл КСРО халық әртісі, "Отан" орденінің иегері, Алматы қаласының Құрметті азаматы және академик 95 жасқа толды.

    Бибігүл Ахметқызын осындай айтулы күнмен құттықтауға Алматы әкімі Ерболат Досаев барған. Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау хатты оқыды. Онда ұлттық мәдениеттің дамуына зор үлес қосқан көрнекті өнер қайраткерінің еңбегі атап өтілген.

    "Ұзақ жылғы жемісті шығармашылық жолыңыз Сізді абырой биігіне көтерді. Еліміздің алтын қорына мол мұра қалдырдыңыз. Өнегелі де өнерлі шәкірттер тәрбиелеп шығардыңыз. Ерен еңбегіңіздің жоғары мемлекеттік наградалармен, мәртебелі атақтармен және айрықша сыйлықтармен аталып өтуі-зор мерей", - делінген мемлекет басшысының құттықтауында.

    Ерболат Досаев пен Бибігүл Төлегенова
    Ерболат Досаев пен Бибігүл Төлегенова. Фото: Алматы әкімдігі

    Өз кезегінде Бибігүл Ахметқызы жылы лебіздер үшін алғысын білдіріп, барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

    21 желтоқсан күні сағат 15:00-де Республика Сарайында Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына арналған салтанатты концерт өтеді. Бағдарламада Бибігүл Ахметқызының шығармашылығы шабыт берген, өздері де жетекші жұлдызға айналған көрнекті әртістердің орындауындағы классикалық және қазақ музыкасының ұлы туындылары орындалады.

    Тоқаев 95 жасқа толған Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.