jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Жалғыздықтан қашпаймын": Құралай Анарбекова NNN-мен арақатынасы туралы айтты

    Құралай Анарбекова
    Құралай Анарбекова. Видеодан кадр: Youtube/Мамский әңгіме

    Отандық танымал актриса әрі кинопродюсер Құралай Анарбекова жеке өмірі туралы сыр шертіп, белгілі блогер NNN-мен өзін не байланыстыратынын ашып айтты. Өнер иесінің жауабы көпшілікті одан сайын ойландырып қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Жалғыздықтан қорықпаймын. Бәрі адамның қолында. Бұл өмірде қолыңнан келмейтін нәрсе жоқ. Егер адам қаласа, қасына адам алуға болады. Құдай өзі кешірсін. Бірақ мен жалғыздықтан қашпаймын, мен түк жасамаудан, деградациядан қорқамын. Бір орында тұрып қалудан қорқамын", - деді актриса "Din Dina Show" бағдарламасында.

    Сонымен қатар Құралай Анарбекова блогер NNN-мен қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді.

    "Біз бірге жұмыс істедік, алдағы уақытта да бірге жұмыс істейміз. Жақсы доспыз, көп сөйлесеміз. Қалғанын болашақта көре тұрарсыздар. Әзірге айтарым жоқ", - деп елді ойландарып қойды өнер иесі.

    Оған қоса Анарбекова журналистің "Жүрегіңіз бос па?" деген сауалына жауап беруден бас тартты.

    "Жалғыздықтан қашпаймын": Құралай Анарбекова NNN-мен арақатынасы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.