jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Жанұя": әнші Ayree сүйіктісімен мешітте некесін қидырды (фото)

    әнші Ayree сүйіктісімен
    әнші Ayree сүйіктісімен. Фото: Instagram/ayreeofficial

    Жақында сүйіктісінің ұсынысын қабылдаған әнші Ayree отбасылық өмірге қадам басты. Қос ғашық көп ұзамай, мешітте некесін қидырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл қуанышты жаңалықты өнер иесінің өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті. Ayree неке қию рәсімінен фотоларды бөлісіп, ел назарына ұсынды.

    Белгілі болғандай әнші ару мен оның сүйіктісі 20 желтоқсан күні мешітте неке қиған. Қос ғашықтың бақытты сәтіне жақын достары куә болған.

    "ЖанҰя" , - деген қысқаша жазба қалдырды Ayree суреттердің астына.

    Желі қолданушылары жас жұбайлар үшін қуанып, оларға ақ тілегін жаудырды.

    "Бақытты болыңдар", "Сондай жарасымды жұп, көз тимесін", "Некелерің берік болсын", "Ayree үшін қатты қуанып тұрмын. Тіпті жылағым да келіп кетті", "Махабаттарың баянды болғай", - деп жазуда оқырмандар.

    Айта кетейік, бұған дейін әнші Ayree-ге сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасағанын хабарлаған болатынбыз. Өнер иесінің таңдауы Нұркен Қасымов есімді танымал клипмейкерге түскен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.