jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Күйеуің қайда": анасымен Түркияға аттанған Айгүл Иманбаева желіде қызу талқыға түсті (видео)

    Айгүл Иманбаева анасымен
    Айгүл Иманбаева анасымен. Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

    Отандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманюаева Жаңа жыл мерекесінен кейін бірден анасымен Түркия еліне аттанған. Өткен жылы отбасын құрған өнер иесінің бұл әрекеті желідегілерді ойландырып қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айгүл Иманбаева шетелге жол тартқанын Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Эстрада жұлдызы Түркияның Стамбұл қаласынан фото мен видео жариялап, көпшілікке анасы екеуінің демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті.

    Анасы мен қызы Стамбұл қаласының әсем жерлерін аралап, өз әсерін бөлісті.

    "Әлемнің сұлулары татымайды, анамның күліп тұрған бейнесіне. Анашыммен бірге түнгі Стамбұлдың сиқырлы сәттерін тамашалап жүрміз", - деп жазды әнші.

    Аталмыш кадрларды көрген бойда желі қолданушылары өнер иесін сұрақтың астына алды. Көпшілік бұл сапарға актрисаның жолдасы неге бармағанын жарыса сұрады.

    "Күйеуің қайда?", "Анаңыз 100 жасасын, күйеубаласы қайда? Неге енесімен бірге қыдырмайды"," Күйеуіңіз неге бармаған?", "Жолдасыңыз көрінбейді", "Күйеубаламыз қайда кеткен? Жоқ болып кетті ғой", "Отағасысыз қыдыра бересіз ба", - деп жазды оқырмандар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.