jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Иә" дедім": Динара Сәтжан жаңа фотосымен елді ойландырып қойды

    Динара Сәтжан
    Динара Сәтжан. Фото: Instagram/dinarasatzhan

    Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан бүгінде жанұясымен Таиландта демалып жатыр. БАҚ өкілі саяхаты қалай өтіп жатқанын көрсетіп, ел назарын өзіне аударды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Динара Сәтжан Пхукетке алғаш рет келгенін айтып, жергілікті табиғаттыҢ әдемілігіне тәнті болған.

    "Мұндай сұлулықты еш жерде көрген емеспін", - деген жазба қалдырды ол.

    Тележүргізуші Таиландтың әсем жерлерін аралап, демалысынан алған әсерін бөлісті. Ол Instagram-дағы парақшасында түрлі фото мен видео жариялап, көпшілікке саяхаты қалай өтіп жатқанын көрсетті.

    Динара Сәтжанның Stories-i
    Динара Сәтжанның Stories-i. Скриншот: Instagram/dinarasatzhan

    Динара Сәтжан жариялаған кадрлардың арасында біреуі ел назарына бірден ілікті. Онда тележүргізушінің қолына сақина тағып алғанын көруге болады. Ол фотоға "Мен "иә" дедім" деген жазба қалдырып, елді ойландырып қойды.

    БАҚ өкілі бұл жазбасына қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.