"Сахна сәні": әнші Мақпал Жүнісованы министр және эстрада өкілдері туған күнімен құттықтады (фото, видео)
Жарияланған күні:

Кеше, 11 қаңтарда Қазақстанның халық әртісі, қазақ ән өнерінің майталманы Мақпал Жүнісова 61 жасқа толды. Танымал әншіні мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және Алтынбек Қоразбаев бастаған өнер жұлдыздары құттықтап, жылы лебізін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Өнер иесі туған күніне арналған лебіздерді Instagram-дағы жеке парақшасында жариялады.
"Құрметті Мақпал Мұхамедиярқызы, сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Өзіңізді ерекше даусымен, дара дарынымен көптің жүрегін жаулаған танымал әнші, қазақ өнерінің қайталанбас тұлғаларының бірі ретінде білеміз.
Шынайы болмысыңыз, қазақ мәдениетіне деген адалдығыңыз, сахнадағы қайталанбас орындаушылық шеберлігіңіз халқымыздың жүрегінен орын алды.
...Бүгінгі туған күніңізде деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, сарқылмас күш-қайрат пен бақ-береке тілеймін!", - делінген министр Аида Балаева жолдаған құттықтау хатында.
Ал танымал әнші Мейрамбек Бесбаев желідегі жеке парақшасында өнердегі әпкесімен бала күнінде түскен суретін жариялап, жыр жолдарын арнапты:
Бұған қоса бір топ өнерпаз Мақпал Жүнісоваға видео арқылы құттықтау жолдаған.
"Ардақты халайық, сүйікті әріптесім Мақпал, туған күнің құтты болсын! Екеуміз қырық жылдан астам Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі талай-талай жерде гастрольдік сапарда болып, әнімізбен, өнерімізбен қазақ елін сусындаттық. Тағы бір 20-30 жыл халқыңды әдемі әніңмен, әдемі күлкіңмен сусындата бер! Туған күнің құтты болсын!" - деп тілегін білдірген Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2210742-dara-darynymen-kopting-zhuregin-zhaulagan-anshi-maqpal-zhunisovany-ministr-zhane-estrada-okilderi-tugan-kunimen-quttyqtady-foto-video/