jitsu gif
Шоубиз

    Қазақстандық жігіт Африканың биік шыңы – Килиманджарода қазақтың күйін әуелетті

    Әлібек Қайырбек
    Әлібек Қайырбек. Видеодан кадр: instagram.com/kaztheatre

    Қазақстандық жігіт Әлібек Қайырбек Килиманджаро тауында қазақтың қасиетті домбырасын тартып, Құрманғазының "Адай" күйін орындады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрдың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Өнер ордасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының Халық аспаптар ансамблінің мүшесі Әлібек Қайырбек Африканың ең биік шыңы – Килиманджаро тауында қазақтың қасиетті домбырасымен күй тартты.

    "Бұл – ұлттық өнеріміздің ерекше үнін тау шыңында танытқан бірегей сәт. Әлібек Қайырбекті осы жетістігімен барша театр ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз", - деп жазылған жазбада.

    Еске салайық, 2024 жылғы тамыз айында қазақстандық Әлібек Қайырбек Еуропаның ең биік шыңы – Эльбрусты бағындырып, "Адай" күйін тартқан болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.