Шоубиз

Зектілері

Алматыда Ермек Серкебаев ескерткіші ашылды (фото)

Жарияланған күні:

Ермек Серкебаев ескерткіші
Ермек Серкебаев ескерткіші. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты

Бүгін Алматы қаласында көрнекті опера әншісі, актер, педагог Ермек Серкебаевқа арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, әншінің ағасы Мұрат Серкебаев пен ұлы Байғали Серкебаев, сондай-ақ шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысқан.

Аида Балаева және Ерболат Досаев
Ермек Серкебаев ескерткішінің ашылу салтанаты. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты

Ескерткіш Абылай хан даңғылының бойында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі ғимаратының алдында орнатылған.

Министр Аида Балаева ескерткіштің ашылуы елінің ұлы перзентіне деген құрметі  екенін атап өтіп, Ермек Серкебаевтың бай рухани мұрасы ұлт жадында мәңгі сақталатынына сенім білдірді.

Аида Балаева
Аида Балаева. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты

"Ермек Серкебаев – сирек кездесетін талант иесі, кәсіби шеберлігі жоғары музыкант. Ол миллиондаған өнерсүйер көрерменнің шынайы махаббатына бөленді. Бүгінгі қазақ операсын Ермек Серкебаевсыз елестету қиын. Оның ғибратты ғұмыры – мәдениетіміздің тарихындағы тұтас бір тарау. Көпшілік білмеуі мүмкін, бірақ ол қоғамдық-саяси өмірде де белсенділік танытып, Тәуелсіздігіміздің қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосты. Сонымен қатар, Ермек Бекмұхамедұлы дарынды музыканттар әулетінің негізін қалады. Балалары мен немерелері оның ісін лайықты жалғастырып, қазақ өнерін әлемнің әр түкпірінде дәріптеуде", - деді Мәдениет және ақпарат министрі.

Ескерткіштің ашылуы
Ескерткіштің ашылу салтанаты. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты

Ведомство басшысы Ермек Серкебаевтың бейнесін қоладан сомдаған мүсіншілер – Айдос Бүркітбаевқа, Тимур Ермұхаметовке, Ақылбек Орманбековке және Қуаныш Асылбайға ерекше алғыс білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2212167-almatyda-ermek-serkebaevtyng-eskertkishi-ashyldy-foto/