"Өзімді бақытты сезінемін": Мақпал Жүнісова марқұм Роза Бағланованың архивтегі видеосын жариялады
Жарияланған күні:

Әнші Мақпал Жүнісова Instagram желісіндегі парақшасында марқұм Роза Бағланованың архивтегі видеосын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мақпал Жүнісова видео сипаттамасында қазақтың күміс көмей әншісінен талай рет бата алғанын айтып, ол кісімен Қазақконцертте 30 жыл қызметтес болғаны үшін өзін бақытты сезінетінін жазған.
"Роза апамның дауысын да, өзін де сағынып кеттім, қайталанбас ұлы тұлға, аңыз адам, топырағыңыз торқа болсын асыл апа!", - деп жазды әнші.
Видеоны көрген желі қолданушылары жылы лебіздерін қалдырған.
"Халықтың аппақ ақ Мақпалы аман жүр. Роза Апамыздың жүректен шыққан аппақ ақ тілегі қабыл болсын", "Роза апамыздың батасын алған бақытты жансыз! Шынайы тілек қабыл болсын! Халықтың алдында жадырап, жайнап жүре беріңіз!", "Қазақтың сұлу, аппақ ерке қыздары. Керемет Роза апамыздың кербездігі, еркелігі қандай жарасымды құрметтейміз, сыйлаймыз, жақсы көреміз", "Сізде арман жоқ Роза апамыздан бата алған, жасын, абыройын берсін", "Керемет ұлы тұлғаларымыз, ұлтымыздың мақтаныштары қазақтың атын әлемге әйгілі еткен апаларымыз –Роза Бағланова, Бибігүл Төлегеновадан бата алған асыл қызымыз әлі де халқыңның ыстық ықыласына бөлене беруді нәсіп етсін!", - деп жазған желідегі оқырмандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2213282-ozimdi-baqytty-sezinemin-maqpal-zhunisova-marqum-roza-baglanovanyng-arhivtegi-vidosyn-zhariialady/