jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Алла сұрағанымды берді": үшінші рет шаңырақ көтерген Жахан Отарғалиев жаңа отбасын көрсетті (видео)

    Жахан Отарғалиев отбасымен. Кадр видеодан
    Жахан Отарғалиев отбасымен. Кадр видеодан: instagram.com/zhahan_utargaliyev/

    Жуырда сүйіктісімен некеге тұрғанын хабарлаған Жахан Отарғалиев жаңа отбасын көрсетті. Ол Instagram-дағы парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жақында ғана халықтан сүйінші сұрап, отбасылы болғанын хабарлаған Жахан Отарғалиев желідегі парақшасына жаңа видео жариялады. Видеода ол бұған дейін берген сұхбаттарының бірінен үзінді жариялаған. Онда ол: "Тек қана баласы бар келіншек аламын" деп айтқанын көруге болады. Сонымен бірге видеодан екі кішкентай бүлдіршінмен ойнап, бірге фильм тамашалап отырған кадрларды байқауға болады. Видеоға түсіндірме ретінде ол:

    "Алла сұрағанымды берді", - деп жазып қойды.

    Ал желі қолданушылары болса, оның отбасылық видеосына сүйсініп, жылы лебіздерін жаудырды.

    "Қазақтың қыздарына пана бола білген бір кісі мың кісінің жасай алмайтынын жасады деп ойлаймын", "Сауапты әрекет жасапсың", "Берекелі отбасы болыңдар", "Баласымен алу нағыз батырлық", - деп жазған желі қолданушылары.

    "Алла сұрағанымды берді": үшінші рет шаңырақ көтерген Жахан Отарғалиев жаңа отбасын көрсетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.