jitsu gif
Шоубиз

    "Талай рет лауреат атанғанмын": актриса Жұлдызай Дүйсенбиева өзіне қатысты тың мәліметті бөлісті (видео)

    Жұлдызай Дүйсенбиева
    Жұлдызай Дүйсенбиева. Фото: instagram.com/zhuldizay_zhuldizay

    Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева Instagram желісіндегі парақшасында архивтегі видеосын жариялап, кәсіби музыкант екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Бұл 1997 – жыл. Жасым 16-да. Мен кәсіби домбырашымын, керемет ұстаздардан білім алғанмын. Талай рет лауреат атанғанмын. Жалпы кәсіби музыкантпын", - деп жазды Жұлдызай Дүйсенбиева.

    Актриса жазбасында "Сен ән айтпай-ақ қой, сахнаға әркім бір шыға береді", деп сынайтын желі қолданушыларына да жауап берген.

    "Мен ұлы ұстаз Райымбек Сейтметовтың шәкіртімін кәсіби әртіспін! Әлімбек Қонысбековтың домбыра класын тәмамадағанмын", - деді ол.

    Сондай-ақ актриса ең алғаш театрда өнер көрсетуіне себепкер болған ұстазын да еске алды.

    "5 сынып оқып жүргенде Айнұр деген ұстазым бар еді, ең алғаш театрда ертегі қойып ойнатқан, фамилиясы есімде қалмапты. Бір жыл ғана жұмыс істеп Кентаудан көшіп кетті", - дейді Жұлдызай Дүйсенбиева.

    Видеоны көрген желі қолданушылары жылы лебіздерін жазуда.

    "Жақсы айтады екенсіз", "Райымбек Сейтметовтей керемет актер, режиссер ұстаздан тәлім алған шәкірттері жасай берсін", "Керемет, талантыңызға тәнтіміз", "Бірінші рет естіп тұрмын, керемет", "Керемет нағыз әртіс жан-жақты талантты жансыз", "Керемет. Неге ән айтып шықпайсыз?", - деп жазған актрисаның желідегі оқырмандары.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.