Шоубиз

Зектілері

"Қанша дәптер кеткенін білмеймін": "Меломен" тобының әншісі тыңдарманынан алған ерекше сыйлық туралы айтты (видео)

Жарияланған күні:

Ролан Қазретов
Ролан Қазретов. Фото: Instagram/rolankazretov

"Таңшолпан" бағдарламасында қонақта болған Меломен" тобының әншісі Ролан Қазретов тыңдарманынан алған ерекше сыйлық туралы айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушілері әншіден есте қалаларлық сыйлық туралы сұраған. Эстрада жұлдызының айтуынша, бір тыңдарманынан ұзындығы 30 метр болатын хат келген.

"Маған 30 метрлік хат келді. Қанша дәптер кеткенін білмеймін, біраз дәптерді алып, парақтан-параққа жабыстырған. Рулон күйінде келді, әлі де сақталып тұр", - деді ол.

Әнші мұндай сыйлықты тыңдарманның топқа деген ерекше махаббаты ретінде қабылдағанын айтады.

Сондай-ақ Ролан Қазретов топтағы әншілердің жеке ән салып жүргеніне қарамастан топтың тарап кетпейтінін, керісінше топтың жұмысына күш салып жатқандарын, биыл топтың 15 жылдық мерейтойын атап өтетінін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Тамара Асар Роза Рымбаеваға ерекше сыйлық тарту еткенін жазған едік. Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов те әнші Төреғали Төреәліге ерекше сыйлық жасаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2214429-qansha-dapter-ketkenin-bilmeimin-melomen-tobynyng-anshisi-tyngdarmanynan-algan-erekshe-syilyq-turaly-aitty-video/