Шоубиз

Зектілері

"Мақтанышым менің": Баян Мақсатқызы екінші қызының америкалық дипломын көрсетті (фото)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Баян Мақсатқызы
Баян Мақсатқызы. Фото: Instagram/bayanmaxatkyzy

Қазақстандық актриса әрі продюсер Баян Алагөзова Instagram-дағы оқырмандарына екінші қызы Айару Бақытбектің жоғары білім туралы америкалық дипломын көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Былтыр жыл соңында 21 жастағы Айару Бақытбек қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол қорытынды емтихандарын тапсырып, АҚШ-тағы университетті сәтті аяқтағанын айтқан.

Күні кеше Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі 4 миллиондық аудиториясына Айарудың Лоң-Бичтегі Калифорния мемлекеттік университетінен алған дипломын көрсетті.

Баян Мақсатқызы
Баян Мақсатқызының сторисінен скриншот: Instagram/bayanmaxatkyzy

"Айарудың жоғары білім туралы дипломы. Махаббатым! Мақтанышым менің! Бақытым менің!" – деп жазды Баян қызына.

Сондай-ақ Баян Мақсатқызы Айарудың бала күнгі фотосын жариялап, оның үшінші қызы Алисаға ұқсайтынын атап өтті. Айта кетейік, Баян Мақсатқызы былтыр қатарынан екі сәби сүйген еді, актриса кенже қыздарын әзірге оқырмандарына көрсеткен жоқ.

"Алисадан айнымайды, бір-біріне қатты ұқсайды", - деп жазды Баян.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2214740-maqtanyshym-mening-baian-maqsatqyzy-ekinshi-qyzynyng-amerikalyq-diplomyn-korsetti-foto/