Шоубиз

Зектілері

"Қыз сынындағы өнер көрсетуі": Тоқтар Серіковтің 35 жыл бұрынғы видеосы елді сүйсіндірді (видео)

Жарияланған күні:

Тоқтар Серіков. Фото
Тоқтар Серіков. Фото: facebook.com/Уржан Есжанова

Желіде 1990 жылы телеарна эфиріндегі концерттен үзінді жарияланды. Онда кішкентай Тоқтар Серіков "Туған жер" әнін домбырамен айтып жатқанын көруге болады. Бұл видео желі қолданушыларының сүйіспеншілігіне бөленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушыларының жазуынша, бұл 1990 жылғы "Қыз сынынан" үзінді. Кадрлардан сахнада ұршық иіріп, қазақы киім киіп отырған қыздарды көруге болады.

Желідегілер 35 жыл бұрынғы Тоқтар Серіковтің өнеріне тамсанды.

"Тоқтар ақылды, әлі мінезі жайсаң азамат қой. Жары да өзінің теңі, Алла тіл көзден сақтасын бақытты болсын", "Ауылдың қара домалақ баласы. Керемет! Тоқтарға Алла ғұмыр берсін. Отбасы, бала-шағасы аман болсын", "Тоқсаныншы жылдары Алтынбек Қоразбаев жанына Тоқтар мен Мейрамбекті ертіп, Құмкөл кенішіне келіп мұнайшыларға концерт берген. Ұмытпасам мұнайшылар күніне келді. Сонда Тоқтар мен Мейрамбекке ән салдырмады , бұлар өтпелі кезеңде жүр дауыстарын құртып алады деп", - деп жазды естеліктерін қолданушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2215197-qyz-synyndagy-oner-korsetui-toqtar-serikovting-35-zhyl-buryngy-videosy-eldi-suisindirdi-video/