jitsu gif
Шоубиз

    "Алтын жүрегіңізден айналдым": әнші Әбдіжаппар Әлқожа режиссер Талғат Теменовтің жасаған жақсылығын есіне алды

    Әнші Әбдіжаппар Әлқожа мен режиссер Талғат Теменов
    Әбдіжаппар Әлқожа мен Талғат Теменов. Фото: instagram.com/stories/abdizhappar_alkozha

    Әнші Әбдіжаппар Әлқожа режиссер Талғат Теменов туралы естелігін бөлісіп, оған алғысын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "2008 жылы абитуриент Әбдіжаппардың бойынан талант көріп, өз екпінін көрсетіп, мына "Иран бала" грантқа түсуі керек деп, өзі актерлік оқуға қабылдаған еді. Алтын жүрегіңізден айналдым, ұстаз! Жемісін көре беріңіз, жүздің жүзін көріңіз. Мәртебеміз жетіп, сізді біздің тауда күтуді жазған Аллаға шүкір", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

    Айта кетсек, бұған дейін әнші Нұрғали Нүсіпжанов әйгілі композитор, домбырашы Нұрғиса Тілендиев туралы ерекше естеліктерін бөліскен еді.

    Әншінің айтуынша, ол композитормен 51 жыл сырлас, 51 жыл мұңдас, 51 жыл сапарлас болған. Нұрғиса Тілендиев халық әртісіне туған ағасындай қорған болған, мейіріміне бөлеп, қамқорлығын аямаған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.