jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Тіпті күйеуім білмеген": Мадина Сәдуақасова осы күнге дейін жасырып келген хоббиі туралы айтты (видео)

    Мадина Сәдуақасова
    Мадина Сәдуақасова. Фото: Instagram/sadvakasovamadina

    Қазақстандық эстрада әншісі Мәдина Сәдуақасова бұрын-соңды ешкімге айтпаған, тіпті күйеуі де білмейтін хоббиін көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Танымал әнші Instagram-дағы stories бөлімінде хореография залында би қимылын үйреніп жүргенін, кейін қалай билегенін көрсетті. Мадина бұл қызығушылығын ұзақ уақыт жасырын ұстағанын жазды.

    Сондай-ақ билеуді бұрыннан армандағанын, ақыры бала күнгі арманы орындалғанын айтты.

    Әнші залда биге ыңғайлы, ұзын жеңі бар сұр кеудеше, сондай-ақ қысқа қара түсті белдемше киген.

    "Тіпті күйеуім де бұл хоббиімді білмеген. Енді сіздер де білесіздер. Ашылмаған, айтылмаған сырларым әлі көп менің", - деп оқырмандарын қызықтырып қойды әнші.

    Мадина Сәдуақасова
    Мадина Сәдуақасова. Видеодан кадр: instagram.com/sadvakasovamadina/stories

    "Тіпті күйеуім білмеген": Мадина Сәдуақасова осы күнге дейін жасырып келген хоббиі туралы айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram