jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Қадірін білмейді екенбіз": әнші Роза Әлқожа денсаулығы сыр бергенін айтты

    Роза Әлқожа
    Роза Әлқожа. Фото: instagram.com/roza_alqozha

    Әнші Роза Әлқожа денсаулығы сыр беріп, екі аптадай ем алған. Бұл турады эстрада жұлдызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Екі апта ем алып, енді жазылып жатырмыз, тәуба! Бұрын өкпенің бұлай ауырғанын кім көрген?! Денсаулықтың қадірін білмейді екенбіз!..

    Алда ән сапарлар. Жаңа альбом. Жаңа костюмдер", - деп жазды Роза Әлқожа Instagram желісіндегі парақшасында.

    Әншінің желідегі оқырмандары оған тезірек жазылып кетуін тілеп, жылы лебіздерін жазып жатыр.

    "Роза, ем болсын, Алла шипасын берсін! Ғұмырың ұзақ болып, ән әлемінде шарықтай бер!", "Ауырмаңыз, ем шипалы болсын", "Розатайым, Алла шипасын берсін, құлан таза жазылып кет", "Ем болсын! Денсаулығыңыз мықты болсын! Алдағы концерттіңізге сәттілік тілеймін", - деп жазған әншінің тыңдармандары.

    Айта кетейік, Роза Әлқожа биылғы қаңтар айында немерелі болды. Әнші "Әже боп ояндым" деп көпшіліктен сүйінші сұраған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.