jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "35 мың алимент алатыныңыз рас па": Ерке Есмахан оқырманының сұрағына жауап берді

    Ерке Есмахан
    Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

    Әнші Ерке Есмахан Instagram-да тұрақты түрде оқырмандарының сұрақтарына жауап береді. Күні кеше желі қолданушыларының бірі әншіге алиментке қатысты сауал тастаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ерке Есмахан Instagram желісінде оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап беруді әдетке айналдырған. Әнші жеке өмірі туралы да сұрақтарды жауапсыз қалдырмайды.

    Желі қолданушыларының бірі Instagram-да stories бөліміндегі терезеге "Алиментке 35 мың (теңге - ред. ескертпесі) алатыныңыз рас па?"- деп сауал тастаған.

    Әншінің айтуынша, тұңғыш баласына алимент алып көрмеген.

    "Ешқашан алиментке арыз жазбағанмын, алимент алмағанмын. Ешқашан көмек сұрамағанмын.

    Бала өз несібесімен туады деп, Алла жар болсын деп, өзім жұмыс істеп өсірдім. Нағашылары бақты, қақты. Шүкір.

    Отау құрған соң күйеуім бірден қасымызға алды Муслимді. Одан кейін не ішеді, не киеді дегенді ойламадым. Кейде осы тараптан ойға батсам, көзіме қуаныштың жасы келеді. Аллаға сансыз шүкір", - деп жауап берді әнші.

    скриншот
    Скриншот: instagram.com/stories/erke_esmahan

    "35 мың алимент алатыныңыз рас па": Ерке Есмахан оқырманының сұрағына жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.