"Кішкентай Мейрамбек": ұлымен түскен видеосын жариялаған Мейрамбек Бесбаев желідегілерді сүйсіндірді (видео)
Жарияланған күні:

Мейрамбек Бесбаев Instagram-дағы парақшасында ұлымен түскен фотосессиядан видеоүзінді жариялады. Әкесі мен ұлының видеосы желі қолданушыларды сүйсіндірді.
Белгілі әнші ұлымен фотосессия жасап, оның видеосын желідегі парақшасында жария еткен. Өсіп қалған ұлын желі қолданушылары Мейрамбектің кішкентай кезіне ұқсатты.
"Балаңыз сымбатты. Өзіңізге тартыпты", "Аман болсын кішкентай нар тұлғаның ізбасары", "Мұрагерің аман болсын Мейрамбек балам. Халқыңа қызмет етіп, ықыласына бөленіп жүрген асыл азаматсың. Ұлыңа да сондай абыройлы өмірді нәсіп етсін Аллам. "Бір бала әкеден өте туады, бір бала әкеге жете туады. Бір бала әкеден кері кете туады" деген дана халқымыз. Сол айтпақшы, өзің жетпеген биіктерді бағындырып, әкеден өте туған перзент болсын", "Өзіңізден аумай қапты, тіл көзден сақтасын Аллам", "Өте әдемі көрініс! Ұлыңыз аман болсын! Ел тізгінін ұстар саналы,парасатты азамат болсын!", "Кішкентай бала Мейрамбек", - деп жазды желі қолданушылары.
Еске салсақ, былтыр қыркүйек айында Мейрамбек Беспаевтың үшінші перзенті дүниеге келді. Оның жұбайы өмірге қыз әкелгенін айтып, халықтан сүйінші сұраған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2221137-kishkentai-meirambek-ulymen-tusken-videosyn-zhariialagan-meirambek-besbaev-zhelidegilerdi-suisindirdi-video/