jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Абысындардан мастер-класс": Динара Сәтжан ауылдан видео жариялап, желідегі оқырмандарын қызықтырып қойды

    Динара Сәтжан
    Динара Сәтжан. Фото: instagram.com/dinarasatzhan

    Белгілі тележүргізуші, блогер Динара Сәтжан желідегі парақшасына ауылдан видео жариялап, елді қызықтырып қойды. Ол өткен аптада Сарыағашта болып қайтқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Тележүргізуші Instagram желісіндегі парақшасында ауылда қамыр жайған сәтінен видео жариялады.

    "Абысындардан мастер-класс", - делінген видео сипаттамасында.

    Сондай-ақ блогер парақшасында қазаннан ет түсіріп жатқан сәтін көрсетті.

    Тележүргізушінің оқырмандары оның өмірінде өзгеріс болып жатқанын болжап, видеоға пікір қалдырып жатыр. Әнші Мадина Сәдуақасова да Динара Сәтжанның өмірі түбейгейлі өзгергенін байқаған.

    "Диконяның (Динара Сәтжан - ред.ескертпесі) контенті 180 градусқа өзгерді, өмір өзгергенде солай болады, құтты болсын", - деп пікір қалдырған видеоға Мадина Сәдуақасова.

    Одан бөлек желі қолданушылары да тележүргізушіні сарыағаштық жігітке тұрмысқа шыққан деп болжап, видеосына пікір қалдырып жатыр.

    "Сарыағаштың келіні болып, дұрыс болған екен", "Абысын тату болса, ас көп. Оның үстіне бәрі сэнсэй екен", "Динара, менің туған жерім Сарыағашқа келін болғаныңызға қуаныштымын", "Сарыағашқа қош келдіңіз", - деп жазды пікірге желі қолданушылары.

    "Абысындардан мастер-класс": Динара Сәтжан ауылдан видео жариялап, желідегі оқырмандарын қызықтырып қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.