jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Танымал тележүргізуші Диана Скатова сүйіктісін көрсетіп, жеке өміріне қатысты құпияны ашты (фото, видео)

    Диана Скатова сүйіктісі Сұлтанмен
    Диана Скатова сүйіктісі Сұлтанмен. Фото: instagram.com/diana_skatova

    Танымал тележүргізуші Диана Скатова тұрмысқа шығатынын айтты. Ол жеке өміріндегі жаңалықтарды әлеуметтік желіде бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Аллаға шүкір тәтті шайымыз ойдағыдай өтті! Сүйіктімнен кезекті гүлдер. Жаңа жас – жаңа статус", - деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.

    Тележүргізушінің таңдауы Сұлтан Нұрбеков есімді музыкант жігітке түскен. Сұлтан Диана жүргізген танымал Qos Like реалити-шоуында өнер көрсеткен топтың солисі болған.

    Бұл жаңалықты естіген желі қолданушылары таңданысын жасыра алмай, екі жасқа ақ тілектерін жаудырып жатыр.

    "Мынау енді күтпеген жағдай болды, үш ұйықтасам түсіме кірмеген, шок болып отырмын, бақытты болыңыздаршы", "Қуанып шок болдық қой. Әдемі жұп", "Бақытты болыңыздар", "Мәссаған, таңғалдырды, бақытты болыңыздар", "Шын жүректен қуаныштымын", "Қандай әдемі жұп, өте қуаныштымын", - деп жазған желі оқырмандары.

    Өз кезегінде Сұлтан мұндай қолдауды күтпегендерін айтып, көпшілікке алғысын жеткізді.

    "Ізгі-ниет, құттықтау-тілектеріңізге көп рақмет!" - деп жазды ол желідегі парақшасында.

    Танымал тележүргізуші Диана Скатова сүйіктісін көрсетіп, жеке өміріне қатысты құпияны ашты (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.