jitsu gif
Шоубиз

    "Дұғада болыңыздар": Төреғали Төреәлінің концерттері денсаулығына байланысты кейінге шегерілді

    Төреғали Төреәлі
    Төреғали Төреәлі. Фото: instagram.com/ toregalitoreali

    Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің бірнеше қалада жоспарланған концерті өтпейтін болды. Әнші сырқаттанып қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы оның әкесі Төреәлі Төлепов Instagram-дағы парақшасында айтты.

    "Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын! Қасиетті Рамазан айындағы ұстап жатқан оразаларыңыз қабыл болсын. Адам баласы бүгінгі, ертеңгі күндерінің кестесін Алламен келісім шартқа отырып қоя алмайтыны мәлім. Төреш баламыздың денсаулығына байланысты алдағы күндері жоспарлаған концерттерімізді кейінгі уақытқа шегіндірдік!

    Адамның айтқаны емес, Алланың айтқаны болады деген. Алла шипасын беріп, тез сауығып, алдарыңызға жарқырап шығуын нәсіп етсін. Дұғада болыңыздар, жақсыларым! Бұлттың артыннан, күн шығары анық қой, ауырмаңыздар", - деп жазды ол.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.