RU
Шоубиз
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"110 млн доллар тұратын картина": жұлдызды арулар 8 наурызға қандай сыйлық күтеді

Жарияланған күні:

Гүл шоғы
Алқызыл түсті гүл шоғы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Отандық танымал бикештер REVUE NEWS бағдарламасы жүргізген сауалнамада 8 наурызға қандай сыйлық қалайтынын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мәселен, блогер Сабина Мовлаева мерекелік сыйлыққа сағат күтетінін айтты.

"Сағатым осыдан бір жыл бұрын сынып қалды. Содан бері алған жоқпын. Өзіме қимай жүрген жоқпын, тек ер адам сыйласа күштірек сияқты",- дейді блогер.

Ал белгілі актриса Тамирис Жанғазинова қымбат әшекей емес, ерекше жанрда салынған картина сыйласа дейді.

"Мен ерекше жанрда салынған картина қалаймын. Мүмкін үйіме іліп қоярмын. Ондай суретшілер көп және олардың бағасы өте қымбат. Мысалы, Клод Моненің картиналары. Бәлкім коллекционерлер бермейтін де шығар",- деп жауап берді актриса.

Ғаламторда актриса қалайтын картина бағасы 84 млн доллардан басталып 110 млн долларға дейін жетеді.

Ал танымал жігіттердің 8 наурызға дайындығы қалай?

Белгілі актер Шерхан Пірназар отбасындағы арулардың жеке-жеке тапсырысы бар екеннін айтты. Актердің келіншегі фитнес залға абонемент сұраған. Оның құны шамамен 600 мың теңге.

Музыкант Qanay әйеліне беретін сыйлықтың қымбат болатынын айтты. Шамамен 3 млн-ның сыйлығы екенін атап өтті.

Блогер NNN анасы мен қарындастарына қалауларына қарай сыйлық жасайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2226216-110-mln-dollar-turatyn-kartina-zhuldyzdy-arular-8-nauryzga-qandai-syilyq-kutedi/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif