jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Светлана Айтбаеваның отбасында жақында той болатыны рас па: әнші көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді

    Светлана Айтбаева
    Светлана Айтбаева. Кадр: youtube.com / @DinaraSatzhan

    Отандық тележүргізуші Динара Сәтжан "100 сұхбат" жобасында әнші Светлана Айтбаевамен сұхбатты назарға ұсынды. Светлана Айтбаева сұхбат барысында ұлы Димаш Құдайбергенге қатысты ағынан жарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Светлана Айтбаеваның айтуынша, Димаш Астанада ата-анасымен бірге тұрады, алайда ұлы көбіне шетелде жүреді екен. Осы орайда Динара Сәтжан Светлана Айтбаевадан "жақында олардың отбасында той болатынын естігенін, бұл қаншалықты рас екенін" сұрады.

    "Әумин, Динара. Бұйырса, иә. Кез келген ата-ана армандайды ғой. Балаларымыз өсті, Димаш та біраз жасқа келді, оң-солын таныды, Раушан да биыл оқуын бітіреді, бұйырса. Дипломын алып, дәрігерлік жолын таңдайын деп жатыр. Мансұрдың өзі 18-ден асты. Сондықтан той болатын шығар деп күтіп жүрміз", - деді Айтбаева.

    Дианараның той биыл бола ма деген сұрағына Айтбаева "биыл болса, биыл, әумин, айтқаның келсін", деп қысқа қайырды.

    Светлана Айтбаеваның отбасында жақында той болатыны рас па: әнші көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.