jitsu gif
Шоубиз

    Қазақстандық блогерлер 12 жылдан кейін дүркіретіп үйлену тойын жасады (фото, видео)

    Ерболат Жаңабылов пен Эльмира Төлегенова
    Ерболат Жаңабылов пен Эльмира Төлегенова. Фото: instagram.com/zhanabylov_e

    Қазақстандық ерлі-зайыпты блогерлер Ерболат Жаңабылов пен Эльмира Төлегенова 12 жылдан кейін дүркіретіп үйлену тойын жасады. Олар салтанатты кештен әсерлі фото, видеоны әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Айта кетейік, Ерболат Жаңабылов пен Эльмира Төлегенованың бірге қол ұстасып жүргендеріне 12, заңды некеге тұрып, отбасын құрғандарына 10 жылдың жүзі болған. Бүгінде олардың үш баласы бар. Алайда жұбайлардың дүркіретіп той жасауға сол уақытта қаржылық жағдайы келмеген.

    Дегенмен, арада 12 жылдай уақыт өткеніне қарамастан, Ерболат Жанабылов ақ көйлек кигісі келген сүйіктісінің арманын орындап, үйлену тойларын жасауға бел буған. Ол тіпті, 8 наурыз әйелдер мерекесі қарсаңында жұбайына үйленуге ұсыныс та жасап, ерекше тосынсыймен қуантқан болатын.

    "Ерболат – арманымды орындады. Бақыттымын. 12 жыл өтсе де, әрбір қыздың, әйелдің арманы – ақ көйлек кию", - деп жазды Эльмира Төлегенова.

    Блогерлердің тойына Қайрат Нұртас бастаған танымал қонақтар келген. Олардың арасында Қайраттың інісі Заңғар, әнші Тұрар Ыдырыс, Әміре және басқа да көптеген отандық жұлдыз болған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.