jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Екеуміз де арбаға таңылдық": көптен көрінбей кеткен Нұрлан мен Мұрат денсаулығы туралы айтты

    Нұрлан мен Мұрат
    Нұрлан мен Мұрат. Видеодан кадр: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

    Қазақ эстрадасы өкілдері Нұрлан мен Мұрат Қазақстан телеарнасының "Таңшолпан" бағдарламасына сұхбат беріп, өмірлеріндегі қиындықтары туралы айтты, деп хабарлайды El.kz.

    Сұхбат барысында жүргізуші олардың денсаулығы туралы сұраған.

    "Құдайға шүкір, қазір бәрі жақсы. Бірақ Мұрат екеуіміздің арамызда ерекше бір байланыс бар сияқты. Мен ауырсам, міндетті түрде бір-екі жылдан кейін Мұрат та ауырып қалады. Маған қайғы түссе, көп ұзамай Мұрат та сондай жағдайды бастан кешіреді. Неге екенін білмеймін. Менің анам дүниеден озды, бір-екі жылдан кейін Мұраттың анасы да өмірден өтті. Мен ауырғанда үш жыл бойы арбада отырдым, ал Мұрат жақында ғана арбадан шықты. Осындай сәйкестіктер жиі болып тұрады. Сондықтан Мұрат маған үнемі: "Нұреке, абайлап жүрші" деп әзілдейді", – деп бөлісті Нұрлан.

    Өз кезегінде Мұрат тыңдармандардың жаңа әндерден гөрі бұрынғы хиттерін көбірек сұрайтынын атап өтті.

    Еске салсақ, қалың көпшілікке танымал "Нұрлан мен Мұрат" дуэтінің әншісі Нұрлан Әміров басынан өткен ауыр кезеңді еске алып, жан сырын ақтарған. Өнер иесі арбаға таңылып, 3-4 жылдай қатты қиналғанын айтқан болатын.

    "Екеуміз де арбаға таңылдық": көптен көрінбей кеткен Нұрлан мен Мұрат денсаулығы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.