jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Айжұлдыз Адайбекованың қашан ақ көйлек киіп, той жасайтыны белгілі болды

    Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров
    Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров. Фото: instagram.com/ aizhuldyz_adaibekova

    Блогер Сәкен Қағаров пен актриса Айжұлдыз Адайбекованың үйлену тойы қашан өтетіні белгілі болды, деп жазады Azattyq Rýhy.

    Бұл туралы Сәкен Қағаров блогер Бейбіт Әлібековтің жобасына берген сұхбатында айтқан. Дәлірек айтсақ, Бейбіт Әлібеков Сәкен Қағаровтың үйіне барып, сұхбат алған. Қағаровтың үйін көрген Әлібеков "бұл әлі де бойдақтың пәтеріне ұқсайды" деп пікір білдірген.

    Бұған жауап берген Қағаров Айжұлдыз екеуі былтыр күзден бері осы пәтерде бірге тұрып жатқандарын, қыста неке қидырғандарын және көктемде үлкен той жасайтындарын айтқан.

    "Соңғы бес жыл шын махаббатымды іздедім. Жарнамалардың бірінде Айжұлдызды көріп, ғашық болдым. Оның бұрын ажырасқаны және баласы бар екені мені мүлде қызықтырған жоқ. Керісінше, болашақта тағы бір сәби сүйсек, екеуі бір-біріне серік болады. Айжұлдыз екеуміз былтыр күздің соңыннан бері осы үйде бірге тұрып жатырмыз. Оның өз пәтері бар екенін де айту керек. Қыста неке қидырдық. Енді көктемде, мамыр айында үлкен той жасаймыз», - деді Қағаров.

    Еске салсақ, бұған дейін блогер Айжұлдыз сүйіктісі Сәкен Қағаровпен мешітте некесін қиғанын жазған едік.

    Сондай-ақ Жанар Айжанованың қызы тойға қызу дайындалып жатқанын жазған болатынбыз.

    Айжұлдыз Адайбекованың қашан ақ көйлек киіп, той жасайтыны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.