jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен мешітте некесін қиды (видео)

    Айжұлдыз Адайбекова
    Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров. Скриншот: Instagram / aizhuldyz_adaibekova

    Отандық танымал блогер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісі Сәкен Қағаровпен мешітте некесін қиды. Бұл туралы блогердің желі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Блогер Instagram желісіндегі парақшасында ғашығымен мешітте некесін қиған сәттен видеоны жария еткен.

    "Әрекет пен дұға түбі береке. 24.01.2025. Ерлі-зайыпты", - деп жазды Айжұлдыз видео астына.

    Желі қолданушылары блогерге құттықтаулары мен ақ тілектерін жаудырды.

    "Құтты болсын", "Мәңгілік бақытты неке", "Некелерің мәңгілік болсын", "Қайырлы неке болсын", Бақытты болыңдар", "Жандарым, бір-бірі үшін жаралғандай", - деп жазған пікір қалдырушылар.

    Еске салсақ, бұған дейін Айжұлдыз Адайбекова Сәкен Қағаров есімді экстрим-блогермен көңіл жарастырғанын көпшілікке жария еткен еді. Көп ұзамай Сәкен Қағаров оған үйленуге ұсыныс жасады.

    Жанар Айжанованың қызы Сәкен Қағаровпен бірге сұқбат беріп, жақын арада шаңырақ көтеретінін дүйім жұртқа хабарлаған болатын.

    Айта кетсек, бұл Айжұлдыз Адайбекованың екінші некесі. 2020 жылы ол Қыран Талапбекке тұрмысқа шығып, арада көп уақыт өтпей ажырасып кеткен еді. Бүгінде олардың ортақ ұлы бар.

    Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен мешітте некесін қиды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.