jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Арманым орындалды": Серік Ибрагимов әкесіне жаңа көлік сыйлады (видео)

    Серік Ибрагимов
    Серік Ибрагимов әкесіне көлік мінгізді. Видеодан кадр: instagram.com/ibragimovserik

    Танымал қазақстандық әнші Серік Ибрагимов әкесіне жаңа көлік сыйлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында көлік салонынан видео жариялады.

    "Арманым орындалды. Отбасымыздың атынан Айнамкөз екеуміз ақылдасып, әкемізге тосынсый жасап, салоннан жаңа көлік мінгізгелі жатырмыз", - деді әнші.

    Ол әкесіне жол талғамайтын ақ түсті көлік сыйлады.

    "Әке-шешеге құрмет өзіңнің алдыңа да келетін дүние. Сондықтан баршаңызға осындай бақытты сәт, қуанышты жағдай жұғысты болсын деп тілеймін", - деді Серік Ибрагимов.

    Желі қолданушылары әншінің парақшасындағы видеоға пікір қалдырып, тілектерін жаудырды.

    "Құтты болсын", "Әкемізге көлік сыйлайтын күн бізге де тусын", "Досым, көп адамға үлгісің", "Баршамызға ата-аналарымызға көп жақсылық жасап, разылығына бөленуді нәсіп етсін", - деп жазды желі қолданушылары.

    Еске сала кетейік, осыған дейін Серік Ибрагимов әйелі мен өзіне алған қос көлікті көрсеткен еді.

    "Арманым орындалды": Серік Ибрагимов әкесіне жаңа көлік сыйлады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.