jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "100 миллион теңге": әнші Серік Ибрагимов әйелі мен өзіне қымбат сыйлық жасады (видео)

    Серік Ибрагимов жұбайы Айнамкөзбен
    Серік Ибрагимов жұбайы Айнамкөзбен. Фото: instagram.com/ibragimovserik

    Әнші Серік Ибрагимовтың жұбайы Айнамкөз жолдасы сыйлаған көлікті көрсетті. Эстрада жұлдызы өзіне де қымбат сыйлық жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Біздің жаңа темір тұлпарларымыз. Баршаңызға жұғысты болсын", - деп жазды әншінің келіншегі Айнамкөз Абдимаева желіде жариялаған видео сипаттамасында.

    Серік Ибрагимов те желідегі парақшасында көліктің атауын сұрап қызығушылық танытқан адамдардың сұрағын жауапсыз қалдырмай оның фотосын жариялап, құны – 100 миллион теңге тұратынын айтқан.

    "100 млн теңгенің машинасы", - деп жазды ол Instagram желісіндегі Stories бөлімінде.

    Ал желі қолданушылары желі жылы лебіздерін жазып, құтты болсын айтып жатыр. Олардың арасында спорт, өнер саласындағы танымал жандар да бар.

    Сондай-ақ биыл өздеріне жаңа көліктің жұғысты болуын тілеген оқырмандар да табылған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.