jitsu gif

    Күйеуімен Дубайда жүрген Ерке Есмахан ол жақта кіммен жолыққанын айтты

    Ерке Есмахан
    Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

    Жұбайы және кіші ұлымен Дубайда жүрген әнші Ерке Есмахан ол жақта кіммен кездескенін көрсетті. Әнші құрбысымен бірге түскен фотосын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Өткен аптада Ерке Есмахан күйеуімен бірге тағы да саяхатқа шығуды жоспарлап жүргенін айтқан.

    Ерлі-зайыпты бұл жолы Дубайға ұшып кетті. Ол жақта жұлдызды жұп шопинг жасап, демалып жатыр. Өнер иесі Біріккен Араб Әмірліктерінде тұратын құрбысы, қазақстандық актриса Гүлназ Жолановамен жолыққан.

    "Отбасымен Дубайда тұратын құрбым – Гүлназ Жоланова. Көптен кездесе алмай жүр едік, бүгін бұйырыпты", - деп жазған әнші құрбысымен бірге түскен суретін жариялады.

    Ерке Есмахан Гүлназ Жоланова
    Скриншот: instagram.com/erke_esmahan

    Гүлназ Жоланова да Ерке Есмаханның Instagram желісіндегі story-ін бөлісті.

    "Бүгінгі таңым осылай басталды", - деп жазды "Бизнес по-казахски" фильмінің жұлдызы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.