jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Мирас пен Құралай қызын ұзатып, дүркіретіп той жасады (видео)

    Мирас пен Құралай
    Мирас пен Құралай: instagram.com/dulat_aitzhanov_04_kz

    Ән өнеріндегі жұлдызды жұп Мирас пен Құралай қызын ұзатып, Алматыда дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алматыда әншілер Мирас пен Құралай Бекжановтардың қызы Кәмшаттың ұзату тойы болды. Бұл туралы желіде әнші Жазира Байырбекова айтып берді.

    "Мирас пен Құралайдың қыздарының ұядан ұшқан күні. Кәмшаттың бағы баянды болсын! Сізге де осындай той жұғысты болсын", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі stories-те.

    Той қонақтарының алдына Кәмшатты әкесі Мирас әнімен алып шықты. Тойды белгілі тележүргізушілер Берік Көшербекұлы және Мая Веронская жүргізген.

    Бұдан бөлек тойда жұлдызды жұптың өнердегі достары қолдап келген. Желіде тараған видеодардан Роза Рымбаева, Тамара Асар, Шахизада, Айгүл Иманбаева, Қанат және Света Айтпаевтар, Жанар Айжанова, Ғани мен Бота, Қуаныш пен Қарлығаш дуэті төбе көрсеткенін байқауға болады.

    Мирас пен Құралай қызын ұзатып, дүркіретіп той жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.