jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Жеті жыл заңсыз тұрдық": Мақпал Жүнісова желіде неке қию туралы куәлігін көрсетіп, сырын ақтарды

    Мақпал Жүнісова
    Мақпал Жүнісова. Фото: www.instagram.com/zhunusova.makpal

    Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында неке куәлігін жариялап, көпшілікке сырын ақтарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әнші марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовпен қалай отау құрғанын есіне алды. Айтуынша, олар тек жеті жылдан кейін неке қиған.

    "Зәкең үлкен той жасап, неке қиюға барамыз дегенде, "Жоқ, Зәке, жақсы көрсеңіз асықпаңыз. Әңгімеміз жараспай қалса дардай басыңызбен ажырасып жүресіз бе? Бір-екі жыл бір-бірімізді тексерейік" деп келіспедім. Содан жеті жыл заңсыз тұрдық, 1998 жылы 1 қазанда неке қиылды", - деп жазды Мақпал Жүнісова Instagram желісіндегі парақшасында.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Мақпал Жүнісова Instagram желісіндегі парақшасында видео жариялап, Құлжа тас жолы бойындағы Шелек ауылын басқарып отырған жергілікті билік өкілдерін сынға алғанын жазған едік.

    "Жеті жыл заңсыз тұрдық": Мақпал Жүнісова желіде неке қию туралы куәлігін көрсетіп, сырын ақтарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.