jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Жүрегімнің дауасы": Қайрат Нұртас Жұлдыз Әбдукәрімоваға туған күніне орай ерекше жыр шумағын арнады

    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукәрімова
    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукәрімова. Фото: instagram/kair_n

    Қазақстандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімоваға туған күніне орай жыр шумағын арнады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    14 сәуірде Жұлдыз Әбдукәрімова 37 жасқа толғанын атап өтті. Қайрат Нұртас жұбайына деген құттықтау тілегін жыр шумағымен жеткізді.

    "Жүрегімнің дауасы

    Ұл-қызымның анасы

    Лайықты жан өзіме

    Дүниедегі жанашыр

    Ыстық оттай сезіммен

    Заманым тыныш өзіңмен

    Жұлдызым туған күніңмен", - делінген өлең жолдарын жариялады әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

    Желі қолданушылары да Қайраттың тілегіне қосылып, жазбаға пікір қалдырып жатыр.

    "Бақытты болыңдар", "Мені құттықтап жатқандай қуанып калдым ғой! Бақытты болыңыздар", "Ана деген атқа лайықты жарыңызды бағалаңыз, Қайрат аға, өмір бойы бақытты болыңыздар! Жұлдыз ханым біреу ғана бұл ғаламда", - деп жазған желі қолданушылары.

    "Жүрегімнің дауасы": Қайрат Нұртас Жұлдыз Әбдукәрімоваға туған күніне орай ерекше жыр шумағын арнады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.