jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Желіде Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаровтың үйлену тойынан кадрлар көрсетілді

    Айжұлдыз Адайбекова Сәкен Қағаров
    Айжұлдыз Адайбекова және Сәкен Қағаров. Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/

    Әнші Жанар Айжанованың қызы, қазақстандық актриса Айжұлдыз Адайбекова мен блогер Сәкен Қағаров армандаған үйлену тойын өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Өмір мандарин мен махаббат сыйлағанда", - деп жазды Айжұлдыз Адайбекова Instagram желісіндегі парақшасында күйеу жігітпен түскен суретін жариялап.

    Айта кетерлігі – мерекелік кештің иелері Айжұлдыз бен Сәкеннің киімі әдеттегіден өзгеше болды, Айжұлдыз ақ түсті бүрмелі көйлекті ақ жейденің үстінен киген. Аяғына ыңғайлы аяқ киім таңдаған. Ал Сәкен үстіне ақ жейде, қара бантик, ашық түсті пиджак және қара түсті шорты киген. Күйеу жігіт пен қалыңдықтың киімдеріндегі принттер Айжұлдыздың ұлы салған суреттер болып шықты.

    "Идеяны Анджелина Джолиден алдым", - деді Айжұлдыз.

    Қалыңдықтың гүл шоғы да ерекше болды - гүлдің орнына түрлі-түсті тәттілер таңдалған. Үйлену тойы ашық аспан астында өздеріне ең жақын және қымбат достардың ортасында өткен.

    Жас жұбайларды танымал тұлғалар әлеуметтік желіде құттықтады. Әнші Тамара Асар Instagram желісінде оған жазба арнады. Ол Жанар Айжанованы қызының тойымен құттықтап, жастардың суретін көріп, көзіне жас алғанын атап өтті.

    "Қуаныштың жасы шығар білмеймін. Әлде Жәкемді қатты жақсы көргесін аналық солидарносттың жасы ма? Білмедім. Әйтеуір бойымды ерекше қуаныш кернеді.

    Отқа күйдіретін, өртентіп сүйдіретін суыққа тоңдыратын, үкілеген үмітті солдыратын қайран өмірге еш шағым айтпай, сызылтып әнін салып, Айжұлдызының тілегін тілеп, еңбегін етіп жүрген АқЖәкем, балапандарыңыздың бағы болсын, бабы болсын, етегінен еркелер мен серкелер ерсін, Сылдырмақтың келіншек алатын тойына дайындалатын күн тусын!", - деп жазды Тамара Асар.

    Үйлену тойында Әсел Сағатова, Say Mo, Жазира Еркін және басқа да қазақстандық жұлдыздар көзге түсті. Қалыңдық пен күйеу жігіт қонақтармен бірге ән айтып, би биледі.

    Желіде Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаровтың үйлену тойынан кадрлар көрсетілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.