jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Ерке Есмахан үшінші сәбиін дүниеге әкелді (фото)

    Ерке Есмахан
    Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

    Қазақстандық әнші Ерке Есмахан 40 жасында үшінші сәбиін босанды. Қуанышты жаңалықты желіде жұбайы RaiM жазды. Ол нәрестемен түскен суретін жариялаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Instagram желісінде жарияланған фотодан RaiM жаңа туған сәбиінің қолынан сүйіп отырғанын байқауға болады.

    "Қош келдің, ұлым. Райымбек Батыр", - деп жазды ол фото сипаттамасына.

    Желі қолданушылары, оның ішінде отандық шоу-бизнес өкілдері ерлі-зайыптыны құттықтап, ақжарма тілегін жазып жатыр.

    "Жиеннің бауы берік болсын! Райым, Ерке, батырларың ел сүйетін, елі қадірлейтін азамат болсын. Алла қуат берсін", "Менің ұлымнын есімі де Батыр. Бауы берік болсын!", "Құтты болсын, бауы берік болсын, салиқалы, саналы, иманды ұрпақ қатарынан болсын", - деп пікір қалдырған әншінің оқырманы желіде.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.